» » ПЕН КЛУБ ЛАУРЕАТТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ПЕН КЛУБ ЛАУРЕАТТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақ ПЕН клуб мүшелері жылдағы дәстүрі бойынша жиын өткізіп, биылғы жылдың жаңа лауреаттарын марапаттады. Клубтың бас жүлдесін белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиев иеленді.

Абай атындағы сыйлық белгілі мәдениеттанушы М.Әуезовке, Ю.Ка¬заков атындағы сыйлық Шұға Нұр¬пейісоваға берілді. Жиынға қатысқан Ә.Нұрпейісов, О.Сүлейменов және басқа да зиялы қауым өкілдері ПЕН клубтың беделді мәдени институтқа айналғанын айрықша атап өтіп, оң ба¬ғасын берді.

Конференцияда ПЕН клуб прези¬денті Б.Ғабдуллин 2016 жылғы әдеби ұйым¬ның жұмысы жөнінде есеп бе¬ріп, аударма мәселесінің өркендеп ке¬ле жатқанын баса айтты. Оның жұ-мы¬сына тұңғыш рет ағылшынның кәсіби аудармашылары қатысты. Өткен жылы Нью-Йорктегі беделді баспадан (Metropolіtan Classіcs) осы әдеби ұйымның тапсырысы бойын-ша Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақы¬ры», С.Елубаевтың «Ақ боз үй», О.Сүлей¬меновтің «Сөз коды» кітаптары жа¬рық көрді. Әрбір кітап қатты қапсырма, жұмсақ мұқабамен сыйлық түрінде тұсаукесерге арналып 300 данамен басылды. Жинақты арнайы интернет алаңшаларда кітапқа тапсырыс беріп, әлемнің кез келген нүктесінен сатып алуға болады. Кітаптарды жұмсақ мұқаба немесе электронды түрде алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, АҚШ-тың іргелі кітапханасына, Қа¬зақ¬станның мәдениеті мен тілі оқы¬тылатын университеттер мен кол¬ледждеріне, орталық баспаларға, Қа¬зақстанның АҚШ-тағы елшілігіне және еліміздің БҰҰ-дағы өкілдігіне арнайы шығарылған басылымдар табыс етілді. Өткен жылы жас жазу¬шылардың қазақ және орыс тілдерінде екі томдық жинағы жарық көрді.

Конференцияда Қазақ ПЕН клу¬бының вице-президенті болып Нұр¬төре Жүсіп пен Фархат Тамен¬даров сайланды.

Ақбота ИСЛӘМБЕК
Автор admin, 12-04-2017, 12:20
0

Добавление комментария

Èìÿ:*
E-Mail:
Сообщение:
Ââåäèòå êîä: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив